Солтүстік Корея АҚШ-тың денуклеаризация бойынша талаптарына мойынсұнбайды. Бұл туралы КХДР СІМ басшысының орынбасары Цой Сон Хи мәлімдеді.
Пхеньянда өткен баспасөз конференциясы кезінде Цой Сон Хи: «Ханойда өткен саммитте Уашингтон бірнеше талап қойды. дегенмен, біздің тарап бұл талаптарға мойынсұнбаймыз. Қандай форма, қандай бағытта өтсе де денуклеаризация тақырыбына келгенде арнайы келіссөз де жүргізбейміз», – деді. Ал Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Жоң Ың жақын уақытта Пхеньянның алға қойған саяси жоспарларына қатысты мәлімдеме жасамақ.
Айта кетейік, 27 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Жоң Ың Вьетнам астанасы Ханойда кездескен болатын. Кездесуде қос ел басшысы ядролық қару-жарақ, Корей түбегіндегі мәселелер, Корей соғысы кезінде жоғалған америкалық сарбаздардың мәйітін АҚШ-қа қайтару туралы талқылады. Дегенмен, қос тарап ортақ келісімге келген жоқ және Ақ үй Пхеньянға бағытталған сакцияның өзгертіндігін мәлімдеді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес