Қытайдың өндірістік экономикасы жыл басынан бері 5,3%-ға өсіп, соңғы 17 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш көрсеткен. Бұл туралы Қытайдың Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«Morgan Stanley» америкалық банк холдингінің мәліметінше, Қытайдағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші екінші тоқсанда бәсеңдейді. Сонымен қатар, елдің сыртқы және ішкі нарықтағы қаржысы тұрақталмай тұрғандықтан, банктер арқылы келеді деген қыруар қаражаттың есебі теріс көрсеткішке жеткен. Ресми статистикалық мәліметтеріне қарағанда, қарашада сату мөлшері 8,1%-ға өскен. Ал бұл 2003 жылдан бергі ең төменгі өсім көрсеткіш.
Айта кетер бір жайт, әр алты ай сайын АҚШ Қазына департаменті өзінің ең негізгі сауда серіктеріне «Әлемдік экономика және валюта бағамы саясаты туралы есеп» беріп, Конгреске ұсынады. 2018 жылғы сәуірдегі есеп бойынша, Қытай валюталық манипуляциялар тізіміне енгізілген жоқ. Сол себепті, Қазына департаменті Қытай үкіметін нақты шаралар қабылдауға шақырған. Айталық, АҚШ өнімдері мен қызмет өтеуін ашық нарыққа шығару, мемлекет тарабынан араласуды қысқарту, шетелдік кәсіпорындарға нарықта үлкен рөл алуына жол беру, тыңшылық әрекет үшін пайдаланылатын құрылғыларды таратпау және тағы басқа. Сарапшы мамандар АҚШ-пен сауда соғысынан кейін Қытайдың экономикалық өсімі 5,5%-ға төмендейді деп болжаған. Былтыр өсім 6,6% деңгейіне жетіп, соңғы 30 жылдағы ең төменгі көрсеткіш қатарына енді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді