БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Венесуэлаға қатысты қарарды мақұлдаған жоқ.
Reuters агенттігінің мәліметінше, 28 ақпанда өткен жиында Венесуэлада президенттік сайлау өткізу және елге гуманитарлық көмек жіберу туралы АҚШ-тың ұсынысына Қытай мен Ресей вето қойған. Сол себепті қарар мақұлданған жоқ. Алайда, ресми Уашингтон Венесуэлада әділ президенттік сайлау өтіп, «диктаторлық биліктің» жойылуы үшін кезекті мәрте қарар жолдайтынын мәлімдеді.
23 қаңтарда өзін уақытша үкімет президенті деп жариялаған оппозиционер Хуан Гуайдоны легитимді мемлекет басшысы ретінде АҚШ, Канада, Бразилия, Чили, Аргентина, Колумбия, Коста-Рика, Гватемала, Гондурас, Панама, Парагвай және Перу елдері мойындады. Осыған дейін АҚШ «диктатор басқарушы» атанған Николас Мадуроға қарсы санкциялар жариялап, мемлекет басшысы авторитарлық диктатураға ұмтылудан бас тартпайынша, Американың экономикалық және дипломатиялық күштерін түгел Венесуэла халқының демократия орнату жолындағы күресіне көмекке арнайтынын хабарлаған болатын. Дональд Трамптың қажет болған жағдайда Венесуэлаға әскери интервенция жасайтыны туралы мәлімдемесінің салдарын жоюға ниеттенген Майк Пенс Латын Америкасы елдеріне сапары барысында Каракасқа экономикалық қысым арқылы да әсер етуге болатынын айтқан. Ал Қытай, Ресей, Түркия және Куба қазіргі басшы Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, билікке өзге мемлекеттердің араласуын «халықаралық құқықбұзушылық» деп атады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді