Үндістан үкіметі Пәкістанмен арадағы су келісімін тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл туралы Үндістанның көлік және су ресурстары жөніндегі министрі Нитин Гадкари мәлімдеді.
«Біздің үкімет Пәкістанға су тасмалдауды тоқтатты. Осылайша, шығыс аймақтардағы өзендердің суын Жамма, Кашмир және Пенжабе өңірлерінің тұрғындарына қарай бағыттаймыз», - деді Гадкар.
1960 жылғы келісімге сәйкес, Пәкістан елі Инда өзенінің суын пайдалануына рұқсат етілген. Алайда, соңғы уақыттардағы шиеленіс қос елдің ынтымақтастығына сызат түсірді.
Естеріңізге сала кетейік, 14 ақпан күні Жамма мен Кашмир аймақтарында терракт орын алып, Үндістанның 44 әскери қызметкері қаза тапқан болатын. Осы орайда Дели бұл оқиғаға Пәкістанды тікелей кінәләп отыр. Алайда, Исламабад бұл айыптың жалған екендігін алға тартуда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті