Қытай басшысы Ши Жинпиң мәлімдеме жасап, халықаралық және өңірлік жағдай қалай өзгерсе де, Иранмен жан-жақты стратегиялық қатынасын өзгертпейтінін білдірді. Қытай басшысы бұл пікірін кеше Бейжіңге сапарлай барған Иран парламент төрағасы Әли Ардашир Ларижаниды қабылдаған кезде ортаға салды.
Қытай басшысы Ларижаниге Қытай мен Иранның стратегиялық өзара сенімді нығайтуы керектігін, негізгі мүдде және ұстанымдар мәселесінде бір-бірін қолдау керектігін айтқан.
Қытай басшысы Ши Жинпиң Бейжіңде Иран парламент төрағасымен кездесіп жатқанда, Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман да Бейжіңге сапарлай барды. Сауд ханзадасы да бүгінге Қытай басшысымен кездесуді жоспарлаған.
Иран Ислам Республикасы мен Сауд Арабиясы көп жылдардан бері бір-біріне қарама-қарсы позиция ұстанып келген және Йемен секілді елдерде бір-біріне қарсы соғысып жатқан елдер. «Рейтер» агенттігінің айтуынша, Қытай Орта Шығыстың мұнайына мүдделі болғанымен, Бейжің билігі дәстүрлі түрде бұл аймақтағы дау-дамайдан басын аулақ ұстап келген. Сондықтан да жанжалдарды шешуге де рөлі тым төмен болған. Алайда, соңғы жылдары Қытай билігі араб-парсы әлеміндегі өзінің ықпалын арттыруға барынша күш салуда.
Сондай-ақ, Қытай Иранмен ядролық келісімге қол қойған алты ірі елдің бірі. Трамп АҚШ президенті болып келгеннен кейін Иранмен жасасқан келісімнен бас тартты және санкцияларды қайта қалпына келтірді. Қытаймен де сауда соғысы, кезектескен тарифтік қысымдарға барды. Бұл Қытай мен Иранды стратегиялық сенімді нығайтуға ынталандырды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы