Қырғыз депуаты Кенжебек Бокоев "Қырғыз Республикасының Президенті мен Жоғары Кеңес депутаттарын сайлау" туралы заңға түзетулер енгізуді ұсынды.
Оның ұсынысы бойынша, елдегі ең жоғары саяси лауазымға үміткерлерге, сонымен бірге, депутаттық мандатқа қойылатын талаптарды күшейту керек.
"Ұсынылған түзетулерге сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап сотталған азаматтар қылмысының өтелгеніне қарамастан, президенттіке не депутаттыққа үміткер бола алмайды. Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, кез-келген мемлекеттік лауазымға үміткерлер, соның ішінде жергілікті жоғары кеңеске сайлауға үміткерлер үшін жоғары білім талап етіледі. Бірақ, мұндай заң Қырғызстан президенттігіне және Жоғары Кеңеш депутаттығына үміткерлерге міндетті емес. Ал аталған заңжобасы президенттікке және парламет депутаттығына үміткерлерге де осы талапты енгізуді ұсынады", - деді ол.
Алайда, депутат Мықтыбек Абдылдаевтің айтуынша, президент әкімшілігі мен Бас прокуратура бұл ұсыныстармен келіспейді және бұл түзетулерге вето қоюы мүмкін.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы