21 ақпан күні Accor корпорациясы хабарлама жариялап, Францияның бұрынғы президенті Николас Саркозидің (Николя Саркози) сол күннен бастап, корпорация директорларының қатарына қосылғанын мәлімдеді.
Франция БАҚ-ының хабарлауына қарағанда, президенттің орнынан кеткеннен кейін жеке кәсіпкерлікке тартылуы, француздың 1958 жылы құрылған 5-ші республикасы тарихындағы алғаш болып отыр. Әлем елдерінде президенттіктен кейін қарапайым өмір сүру АҚШ-тың тұңғыш президенті Уашингтоннан (Вашингтон) басталса керек. Ол президенттіктен кейін ауылына барып қарапайым диқан болған деседі. Осыдан бұрынғы Иран президенті Ахмадинежад президенттіктен кейін ЖОО-да қарапайым оқытушы болып қызмет істеген. Әлем елдеріне ешкімге ұқсамайтын болмысымен танымал бұл президент, қазір күнделікті жұмысына тек қоғамдық көлікпен қатынайды екен.

Фото: Daily Mail
Николас Саркози директор болып барған, Accor Group 1967 жылы құрылған, француздың ірі компанияларының бірі. Қонақ үй, мейрамханалар оператор желісімен айналысады. Қаржы айналымы 2008 жылдың өзінде 7,74 млрд еуроны құраған. Әлемнің әр жеріне орналасқан Accor Group-қа тәуелді 8 ірі люкс мейрамхана, қонақүйлері бар.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы