"Өзбек жолбарыстары" 2019 жылы Гафур Рахимов басқаратын AIBA-ның Дүниежүзілік бокс сериясы жарыстарына қатыспайды.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, команда таратылып, оны қаржыландыру тоқтаған.
Команда бапкерлерінің бірі Зиёиддин Туйганбаевтың айтуынша, боксшылары 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеуден өтуді көздейді, сол себепті осындай шешім қабылданған.
"Өзбек жолбарыстары" Дүниежүзілік бокс сериясына 2016 жылы қосылды. Сол жылы команда қола жүлдегер атанды. 2017 жылы желтоқсанда командадан Муроджон Ахмадалиев пен Шахрам Гиясов кетті.
The World Series Boxing (WSB) (Дүниежүзілік бокс сериясы) 2008 жылы құрылған AIBA ұйымдастыратын ірі турнирлердің бірі.
Естеріңізге салайық, 2018 жылы қарашада AIBA президенттігіне Гафур Рахимовтың сайлануы Халықаралық олимпиада комитетінің наразылығын туғызған.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады