Қырғызстанда 2019 жылдың басынан бастап жанармай бағасы төмендеді. Бұл туралы Қырғыз ұлттық статистикалық комитеті мәлімдеді.
Комитеттің айтуынша, қаңтардың бірі мен тоғызы аралығында бензиннің бағасы 0,26 сумға арзандады. Бұған дейін бағасы 46,35 сум болса, қазір 46,09 сум тұрады.
Сондай-ақ, дизель отыны да 0,52 сумға арзандапты. Бұрын тұрғындар солярканы 46,17 сумға сатып алған болса, қазір 45,65 сумға сатып ала алады. Ал, А-92 бензинінің бағасы - 43,24 сум, А-80 - 41,04 сум.
Жалпы, 2018 жылдың қорытындысы бойынша, А-95-тің орташа бағасы 46,53 сумды, А-92 — 44,12 және А-80 — 41,71 сумды құраған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді