АҚШ тарапы Тегеранға қарсы дипломатиялық және экономикалық қысымды арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы АҚШ-тың бас хатшысы Майк Помпео Йорданияда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
«Біз Иран еліне қарсы дипломатиялық және коммерциялық қысымды екі есе арттырамыз» деген дипломат, Вашингтонның да Иран елі жақсы болуын қалайтындығын жеткізді.
Майк Помпео таяу шығыс елдеріне жасаған турне барысында Йордания еліне барған болатын. Бұдан кейін Мысыр, Бахрейн, Катар, Сауд Арабиясы мен Оманға баруды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Иран жақ АҚШ-ты ИИР-ның ішкі ісіне араласты деп жазғыруда. Трамп таққа отырғаннан кейін АҚШ-тың Орта-Шығыстағы саясатында оңды өзгерістер болады деп күткен әлемнің үміті селге кетті. Орта-Шығыста Иранды оқшаулау саясатын жүзеге асыру Трамп үкіметінің басты мақсаттарының біріне айналып отыр. Өңірдегі Иранның ықпалын әлсірету үшін жасалған қадамдардың бірі Катар дағдарысы болды деуге негіз бар. Терроризмге қарсы күрес туын көтерген «террористтер» әлемде әлі де шахмат ойнап отырғаны белгілі.