Франция премьер-министрі Эдуар Филипп «сары жилет» акциясын ұйымдастырғандар мен қатысушылардың барлығы жауапкершілікке тартылатындығын TF1 телеарнасына берген пікірінде мәлімдеді.
Қазіргі таңда «сары жилет» акциясына қатысқан 5600 азаматтың ұсталғаны және мыңнан астам шеруге шыққан тұрғындарға әртүрлі мерзімде сот үкімі шыққандығын Францияның үкімет басшысы жеткізді.
Франциядағы «сары жилет» акциясына қатысқандарды тойтарып, елдің бейбітшілігін сақтау үшін 80 000-нан астам тәртіп сақшысы қызмет атқарған.
Наразылық шеруге қатысушылар Францияның мемлекеттік, муниципалдық және жеке мүлікіне қанша шығын әкелгендігі әзірге белгісіз. Алайда, барлығына тергеу жүріп жатқандығын да жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Францияда басталған «сары жилет» акциясынан осы уақытқа дейін 10 қаза тауып, мыңнан астам тұрғын жарақаттанған.