Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Бадахшан аймағындағы алтын өндіретін Қохыстан шахтасында аптты жағдай орын алып, 31 адам қаза тапты. Бұдан бөлек тағы да 15 адам түрі дене жарақатын алған.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауы бойынша, апат 6 қаңтар күні сағат таңғы 11 шамасында қызметкерлер алтын өндіріп жатқан уақытта болған.
Ауғанстан президент әкімшілігінің мәліметі бойынша, аталған аймаққа құтқарушылар жіберіліп, оқиға орынында тергеу жұмыстары басталған.
Бадахшан аумағы құнды металдарға бай болғанымен, Ауғанстан билігіндегілердің өндіруге қауқарсыздығынан ең кедей өңірлердің бірі саналады. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, көптеген алтын өндіру орындарын әскери топтар басып алып өз иеліктеріне алған. Бұдан бөлек, жергілікті басшылар да заңсыз жолмен құнды металдарды өндіріп, өз пайдасына қалдырады екен.


















Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес