Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбав пен Өзбекстанның жаңа басшысы Шавкат Мирзиеев екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға мүдделі. Қос ел президенттері алдағы екі жылда өзара тауар айырбас көлемін 500 миллион долларға жетекізуге ынталы. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Азаттықтың» қырғыз қызметі хабарлады.
Баспасөз баяндамасында «екі ел қатынасындағы маңызды бағыт – сауда-экономикалық ынтымақтастық екені айтылған. Сонымен бірге, осы тақырыпты талқылауда айтылғандай, екі ел арасында, биылғы жылдың тауар айналымы 23 пайызға артқан. Алайда, бұл көрсеткіш тиісті деңгейде емес және қос ел арасындағы нақты тауар айналымы мүмкіндігіне сай келмейді» делінген.
Тауар айырасы көлемін ұлғайту үшін, Өзекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстанға өз елдерінде өндірілген осызаманғы ауыл шаруашылық техникалары мен жеңіл және жүк машиналарын, автобустарды жүйелі жеткізуді ұйымдастыру керектігін атап өтті.
Сондай-ақ, қырғызстандық әріптестеріне азот, фосфор, калий және күрделі комплексті тыңайтқыштар мен электртехника өнімдерін жеткізуді ұсынды. Олардың қатарында трансформатордан тартып, өткізгіш-кабель өнімдері және тұрмыстық техника, дайын тоқыма, құрылыс материалдары, препраттар, жиһаздар мен оқу-лаборатория құрылғылары басқа да өндірістік өнімдер бар.
Қырғыз тарабы номенклатураны қайта қарауы мүмкін және қажетті өнімдерді Өзбекстанға жеткізу жағын ұйымдастырады.
Осы мақсатқа орай, екі ел арасындағы тиісті құрылымдардың ұзақ мерзімдік тікелей ынтымақтастығын орнату қажеттігі ескерілді.
«Экономикалық ынтымақтастықтың стратегиялық бағыты аймақтағы тиімді көлік-қатынас дәлізін дамыту. Бұл тұрғыда, Орталық Азияны Қырғызстан арқылы Қытаймен байланыстыратын қысқа теміржол желісін құру, біздің екі ел арасындағы ғана емес, бүкіл аймақтағы тасымал қуатын арттырады» деді өзбек басшысы.
Сондай-ақ ол, Өзбекстан мамандары осы дәліздің Қырғызстан бөлігіндегі жобалануы мен құрылыс жұмысына қатысуға дайын екенін айтты.
«The Qazaq Times»

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр