Пәкістанның бірнеше аймағында арнайы операция өтіп, отырдан астам содырлар өлтірілді. Бұл операциялар Синд провинциясы Сехуан-Шариф қаласындағы Лал Шахбаз Каландар деп аталатын сүниттер мешітінде болған жарылыстан бір күннен кейін өтті.
Жергілікті үкіметтің мәлімдемесіне сүйенсек, бұл операция барысында Синд маңынан кемінде 18 адам атып өлтірілген. Ал, Хайбер-Пахтунхуа жерінде 13 адамның атылғаны белгілі болды. «Associated Press»-тің хабарына қарағанда, террорлық ұйымға қатысқан деген күдікпен 47 адам тұтқындалған.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын хабарлағанымыздай, Лал Шахбаз Каландар сүниттер мешітінде жанкешті шабуыл болып, жарылыс туылған сәтте 50-ге жуық адам қаза болған. Қатысты ақпараттарда қаза болғандар саны одан да көбірек көрсетілді. Жергілікті тараулардың нақты мәліметінде 72 адамның қаза тауып, 200-ге жуық адамның түрлі жарақат алғаны мәлім болды. Жарылысты «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы өз үстіне алған болатын. Қазір оқиғаға байланысты өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Синдте бүгінмен үш күн бойы аза білдірілуде. Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шариф Қарулы күштерге жарылыс тудырушыларды тез арада тауып, жазалауды бұйырған болатын. Хабарланған операция премьер-министрдің осы бұйрығымен жасалған.
“The Qazaq Times”















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес