Ирландияның Сенаты Израильдің Палестина жерінде құрған елдімекендерімен сауда-саттықты шектеу туралы заң шығарды. Жаңа заң бойынша Батыс Шерия, Шығыс Иерусалим секілді заңсыз құрылған елдімекендерден қызмет немесе тауар сатып алуға шектеу қояды. Егер Парламенттің төменді палатасы қабылдаса, Ирландия Израиль отаршылдығына қарсы алғаш рет заң шығарған еуропалық ел болмақ.
Заң жобасы шілде айынан бері жасалып келе жатқан. Заң жобасын жасаушы сенаторлар сол елдегі әлеуметтік желі арқылы жасаған мәлімдемесінде, Сенатта аталған заң жобасы таңқаларлық тез өтіп болғанын, алдағы уақытта Парламенттің төменгі палатасы қабылдаса, Ирландия Израильдің заңсыз тұрғын аймақтары туралы заң шығарған алғашқы еуропалық ел болатынын айтты. Сондай-ақ, бұл заң жобасы күшті қолдаумен бекітіледі деп сенім білдірген.
Ирландия Сенатында бекітіліп болған заң туралы Израиль билігі күшті наразылық танытты. Израильдің Ирландиядағы елшілігі бұл заңды "қауіпті әрі популистік заң жобасы" деп бағалаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы