НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бас қосқан жиынға, Ресейдің де сыртқы істер өкілдері қатыспақ. Бұл айрықша жиын Бельгия астанасы Брюссельде бүгін басталып кетпек.
Бұл басқосудың өзгешелігі халықаралық бірқатар маңызды келісімдерді талқыға салады. Оның арасында АҚШ пен Кеңес одағы арасындағы келісімдер де бар. Айталық, Кеңес одағы-АҚШ арасында 1987 жылы қол қойып, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Ресей мен АҚШ ортасында бекітілген INF келісімі жиналыстың ең басты тақырыбы болмақ.
НАТО мүшелерінің сыртқы істер министрлер бас қосуы туралы мәлімдеме жасаған ұйымның бас хатшысы Столтенберг, Ресейдің жаңа зерттеп жасап орнатқан зымыраны НАТО мүшелерін қатты алаңдатып отырғанын жеткізді. «Ресейдің бұл зымыраны Еуропа қалаларына дейін жетеді. Ресей мен АҚШ арасындағы келісімді АҚШ толық орындап отыр. Еуропада АҚШ зымырандары орнатылмаған, ал Ресей зымыраны бар», – деді Йенс Столтонберг.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы