25-ші қараша күні Мексика мен АҚШ шекарасында босқындармен қақтығыс орын алды. Аталған аймақта Америка әскері көзді жасауратқыш газ пайдаланған. Осы оқиғаға байланысты Мексика билігі Вашингтонға тергеу жұмыстарын жүргізу туралы нота жіберіп отыр.
Қазіргі таңда Мексиканың Сыртқы істер департаменті АҚШ елшілігіне Тихуан және Калифорния шекарасында болған оқиға туралы толықтай тексеру жүргізу туралы мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, Мексиканың адам құқықтарын қорғап, босқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін де ескертті.
БҰҰ-ның статистикасына сүйенсек, қазіргі таңда 7 мыңнан астам босқын Орталық Американы бетке алып Тихуан арқылы Калифорнияға өтпекші. Оның ішінде 2,3 мыңнан астам жас балалар бар. Зорлық, кедейлік және жұмыссыздықтан қашқан жандар Америкаға қарай бағыт алғанына да біршама уақыт болған.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бұдан бұрын Мексика полициясы мен әскерін мигранттарға қарсы төтеп бере алмауда деп айыптаған болатын. Сонымен бірге, Мексикамен шекараға әскер жіберу туралы Пентагонға тапсырма берген. Осыдан кейін, АҚШ президенті Мексика билігін мигранттарды өз елдеріне жіберу туралы мәлімдеме жасаған. Ондай болмаса арадағы шекараны жабу туралы да өз үрейін Twitter арқылы білдірді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі