АҚШ-тың ирандық және ресейлік компанияларға, сонымен қатар жеке тұлғаларға қарсы жақында ғана салған санкциясына байланысты Тегеран өз мәлімдемесін жасады.
Вашингтон аталған іске қатысы бар өкілдердің барлығына мұнайды заңсыз тасмалдады деген айып тағып отыр. Алайда, мұндай қатаң заңға иранның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бехрам Қасым өз пікірін білдірді.
«Ақылға қонымсыз және бедеу санкцияларды құрастырып, компаниялар мен жеке тұлғаларға қысым көрсеткендердер, ешқашан ойындағы шешімге жете алмайды», деп мәлімдеді.
АҚШ-тың қаржы министрлігі жақында ғана ресейдің мемлекеттік корпорациясы мен иранның төрт ұйымына және бес жеке тұлғасына санкция жариялаған болатын.
5 қараша күні АҚШ өзінің кезекті реткі санкция пакетін Иранға қарсы жолдаған. Онда энергетика саласы мен қаржы секторына бағытталған. Сол секілді, санкцияда ирандық мұнай компанияларының халықаралық мүмкіндіктеріне тосқауыл қойып, Иран банктерінің халықаралық қаржы ұйымдарындағы операцияларды еркін жүргізуіне тиым салған болатын. Бұдан бөлек, иран порттары, теңіз тасмалы да қара тізімнің ішінен табылған.
Естеріңізге сала кетейік, 8 мамыр күні АҚШ басшысы Дональд Трамп Вашингтонның Иранмен жасаған ядролық келісімнен шығатындығын мәлімдеп, алғашқы санкциясын жариялаған болатын. Бұдан кейін Иран билігі 1955 жылы екі елдің арасындағы «достық, экономикалық байланыс және консулдық заңды» бұзды деп БҰҰ Халықаралық сотына шағымданған еді. Алайда, АҚШ басшысы бұл істің өзіне қатты бір соққы болмайтындығын сезгендей үсті-үстіне санкциясын жаудыруда.