CNN-нің хабарына қарағанда, алдағы уақытта АҚШ Сүрияға (Сирия) Құрлық армия қарулы қосынын жіберуі мүмкін.
Өткен айда Қорғаныс министрлігіне тағайындалған Жеймс Мэттиске Сүриядағы ДИАШ террорлық ұйымына соққы берудің нақты жоспарын дайындау тапсырылған болатын. Осыған орай АҚШ Қорғаныс министрлігі Сүрияға арнайы құрлықтық қосын аттандыру жобасын ұсынуы мүмкін. Алайда, бұл толықтай бекітіліп, президентке ұсынылмаған жоба болып отыр. Егер министрлік құрлық күштерін жіберуді ұсынса бұл туралы президент арнаулы мәлімдеме жасауы керек.
Осыдан бұрын түркиялық «Анадолы» ақпарат агенттігі таратқан бір хабарда, АҚШ-тың ДИАШ ұйымына қарсы бір реткі әскери операцияда, құрамында азайтылған ураны бар 5265 дана сауыт тесетін оқ атқанын мәлім болған еді. 2015 жылы 16-22 қараша аралығында АҚШ әуе күштері А-10 бомбылаушы ұшағы арқылы ДИАШ-тың 300-ге жуық танктерді қамтыған соғыс көліктерін қиратқан. Бұл жолы Сүрияға құрлық қосынын аттандырар болса Ресей, Түркия тараптарынан қарсылықтарға ұшырауы мүмкін.
“The Qazaq Times”















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес