Әлем бойынша ең көп жалақы алатын футболшылар белгілі болды.
Италиялық сарапшы, спорт маманы Танкреди Палмэри Twitter парақшасына үздік ондықтың тізімін жариялады. Алғашқы үштікті Лионель Месси, Криштиану Роналду және Неймар бастап тұр.
«Барселона» ойыншысы Лионель Месси жылына 40 миллион еуро, «Ювентус» командысының ойыншысы, португалиялық Криштиану Роналду 31 млн еуро алады. Ал Францияның «ПСЖ» командасында ойын көрсететін бразилиялық Неймардың жылдық табысы 30 млн еуроны құрайды. Аталған тізімнен бой көрсеткен футболшылардың ондығында Андрес Иньеста (25 миллион еуро, «Виссел Кобе»), Оскар (24 миллион еуро, «Шанхай Теллэйс»), Алексис Санчес (22,5 миллион еуро, «Манчестер Юнайтед»), Антуан Гризманн (20 миллион еуро, «Атлетико»), Халк (20 миллион еуро, «Шанхай СИПГ»), Хавьер Маскерано (19 миллион еуро, «Хэбэй Чайна Форчун») және Габи (19 миллион еуро, «Аль-Садд») бар.
Айта кетейік, өткен аптада «CIES Football Observatory» сараптамалық компаниясы әлемнің ең қымбат ойыншыларының рейтингін жариялаған болатын. Рейтинг бойынша, 19 жастағы Франция ұлттық құрамасы мен «ПСЖ» футбол клубының ойыншысы Килиан Мбаппе ең қымбат ойыншылар тізімін бастады. Оны сарапшылар тобы 216,5 миллион еуроға бағалаған.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес