Ауғанстандық «Талибан» қозғалысының мүшелері Ресейдеге ымыраластық келіссөзге қатысуы мүмкін. Бұл туралы ресми Reuters агенттігі мәлімдеді.
Кремль ұйымдастырып отырған бұл басқосуға жалпы саны он екі елдің мүшелері қатысады деп жоспарланған. Олардың қатарында Қытай, Иран, Өзбекстан,Тәжікстан мен «Талибан» өкілдері бар. Осыған дейін Құрама Штаттары Ресейді «содырларға заңсыз түрде қару-жарақ жеткізеді» деп сынға алған болатын. Сол себепті АҚШ пен Ауғанстан үкіметі бұл жиынға қатысудан түбегейлі бас тартты.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен Ресей Жоғары соты аталған ұйымды террорлық топ деп танығанмен, бейбіт шараға шақырту берген. Шетелдік және орыстілді БАҚ Ресейдің бұл қадамын «террорлық топтарды қолдаушы» деп бағалады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді