Уашингтон Иранға қарсы санкциялардың көмегімен Теһранның мұнайдан алатын кірісін азайтпақ.
АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Брайан Хуктың мәлімдеуінше, Теһран экономикасына тікелей ықпал ететін қатаң қаулылар әлемдік нарыққа кері әсерін тигізбейді. Теһран Уашингтонның әрекетін әлем елдері айыптап отыр деп АҚШ қысымына қарсы күресе беретінін мәлімдеді.
Айта кетер болсақ, бүгін ресми АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының екінші бөлігі қалпына келтірілді. Шектеу шаралары энергетика саласына, мұнай-сауда келісімдеріне, Орталық банктің қаржы операцияларына, кеме жасап шығару өндірісіне қарсы бағытталған. Тарихқа көз жүгіртсек, Америка Иранға алғаш рет санкцияны 1979 жылы көтерілістен кейін енгізген болатын. Содан бері оған бірнеше рет толықтырулар енгізілген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді