Иордания Израильге жерді жалға беру шартының мерзімін ұзартпайды. Бұл туралы ресми түрде Иордания королі ІІ Абдалла мәлімдеді.
Аталған келісім-шарт 2019 жылы өз күшін жояды. Соған қарамастан, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху алдағы уақытта уағдаластық мерзімін жалғастыру туралы келіссөздер өткізіп, бұл шешімді қайта жүзеге асырмақ ниетте. Оның ойынша, жалға беру уақыты тоқтатылса, екі жаққа да қаржылық дағдарыс туындайды. Сол себепті қос тарап дұрыс шешім қабылдауы тиіс.
Айта кетейік, 1994 жылы Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ицхак Рабин мен Хусейн король жалға жер беру туралы құжатқа қол қойған. Шартқа сәйкес Израильге Галилей теңізінің маңындағы шағын аумақ пен Иорданияның оңтүстігіндегі ауылшаруашылық жері жалға берілген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні