Бір апта бұрын Гондурастан бет алған босқындар керуені Мексика шекарасына жетті. Мексика қауіпсіздік күштері мигранттарға тосқауыл қойып, шекара маңында қақтығыстар орын алды. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Мәліметтер бойынша, босқындар саны алты мыңға жуық. Олардың ішінде әйелдер мен нәрестелер бар. Қазіргі уақытта Мексика билігі Сьюдад-Идальго қаласындағы мигранттарды орналастыру орталығына 5000-нан астам адамды тіркеген. Қалғаны көшеде түнеген. Осыған дейін ресми Мексика керуендегі әйелдер мен балаларға көмек көрсетіп, шекараның ашық болатынын хабарлады. Дегенмен, сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет шекарасын жабуға бұйрық беретінін мәлімдеді. Соған қарамастан Мексикаға қайықпен барып, шекарадан заңсыз өтіп жатқандар бар. Өз еліндегі әділетсіздік, зорлық-зомбылықтан қашқан келімсектершекараны асып өтуге дайын. Осы мәселеге байланысты алдағы уақытта Гватемала мен Гондурас тарапы келіссөз жүргізбек.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні