БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен Палестина ұйым аясында жұмыс істейтін 77 дамушы елге төрағалық етеді.
Дауыс беру барысында 146 мемлекет Палестинаны жақтаса, 15 мемлекет қалыс қалды. Бұл шешімге қарсылық білдіруші топтың қатарында Америка, Аустралия, Иран бар. Құрама Штаттарының Бас ассамблеядағы елшісінің орынбасары Джонатан Коэн палестиналықтардың төраға болуына қарсы екенін және АҚШ Палестина мемлекетін мойындамайтынын айтты. АҚШ Иерусалимді Израиль астанасы деп, елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіргеннен кейін Уашингтон мен Палестина байланысы нашарлап кеткен болатын.
Айта кетейік, Палестина 2012 жылдан БҰҰ-да бақылаушы қатарында болды. Мемлекеттің тәуелсіздігін БҰҰ-ға мүше 137 ел мойындаған. Палестиналықтар Шығыс Иерусалим мен Газа секторы маңында өз мемлекетін құрғысы келеді. Бірақ АҚШ пен Израиль бұл шешімге түбегейлі қарсы.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні