Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас елшісі еліне қайтты. Бұл туралы Түркияның ақпарат құралдары хабарлады.
Түркияның Станбул қаласындағы Сауд Арабия бас елшісі Мұхаммед әл-Утейби бүгін Түркия жергілікті уақытымен 17:00-де Ататүрік әуежайынан еліне аттанады.
Аталған хабар Сауд Арабиясының Түркиядағы елшілігі және Түркия СІМ тарабынан жасалған.
Хабарларға қарағанда, Мұхаммед әл-Утейбидің еліне қайтуына түрік үкіметі жағынан жасалған қысымдар себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, 2 қазан күні сауд арабиялық оппозиция журналисті Жамал Хашогги осы елшілікке кіргеннен кейін із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Осыдан кейін Сауд Арабиясына халықаралық қысымдар күшейді.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?