Оңтүстік Кореядағы отандастарымызға 6,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы dailynk.com хабарлады.
Жыл сайын Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге, саяхаттауға, ем қабылдауға баратын адамдар саны артып келеді. Мәселен, 2016 жылы 35 мың адам барса, биыл бұл бұл көрсеткіш 39 мыңға таяған. Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта шамамен 11 мыңнан астам қазақстандық азаматтар елде заңсыз жүр. Аталған мемлекеттің ережесіне сай, заңсыз жолмен күнелтіп жүрген мигранттар қолға түскен жағдайда, 6,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады.
Айта кетер болсақ, биыл қазаннан бастап Оңтүстік Кореяның иммиграциялық билік өкілдері полициямен бірлесе отырып, елде заңсыз жүрген шетелдік мигранттарды ұстау үшін арнайы қатаң рейдтер жүргізуді қолға алды. Рейд кезінде ұсталғандарға заң бұзушы есебінде тиісті әкімшілік шаралар қолданылады. Сондай-ақ 20 миллион корей вонасы (6,5 миллион теңге) көлемінде айыппұл белгіленіп, елден қуылады. Мұндай жағдайда әкімшілік жазаға тартылған адамдарға 10 жыл ішінде Оңтүстік Корея шекарасын аттап басуға қатаң тыйым салынады.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея билігі елде бір айдан артық жүрген және визасының мерзімі өткен шетелдік азаматтарға «жасыл дәліз» жобасын жариялады. Яғни бұл режим бойынша аталған қатардағылар мен жұмыс істеуге рұқсаты жоқ шетелдіктерге кешірім беріліп, айыппұл салынбайды. Сонымен қатар олар 6 ай ішінде өз мемлекеттеріне кедергісіз орала алады.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні