«Талибан» террорлық қозғалысының негізін салушылардың бірі Мәулана Сами уль-Хақ Ауғанстандағы соғысты аяқтау үшін Қытайды келіссөздерге қатысуға шақырды, - деп хабарлайды Bloomberg.

Ул-Хақ: "Бейжіңнің 17 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығысты реттеуге қатысуы қуантарлық жағдай болар еді", - деген. Оның сөзінше,  Қытай «мұндай маңызды істі тек АҚШ-қа қалдырмауы» тиіс.

Негізі, осыған дейін Қытай билігінің Ауғанстанның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шекаралас аймағындағы жағдайға байланысты бірқатар жұмыстарды қолға алғаны хабарланған еді. Мәселен, тамыз айында Бейжің билігінің Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан қаласында әскери-жаттығу базасының құрылысын бастағаны туралы ақпарат та тарады. Әйтсе де,  тәлібтерге тиесілі ақпарат көздерінің өзі осы хабарды жарыса таратқанмен, Қытай СІМ бұған қатысты нақты мәлімет беруден бас тартқан еді. Орталық Азия елдері арақатынасын зерттеуші саяси шолушылардың айтуынша, бұған дейін Ауғанстан территориясында бірде-бір әскери базасы болмаған  Қытайдың бұл әрекеті рас болса, Бейжің билігі Ауғанстандағы террорлық лагерьлерде жаттығудан өткен терроршылардың алдын алуға тырысуда.

Мәулана Сами уль-Хақ — пәкістандық ислам қайраткері ретінде танылған. Ол тәлібтермен тығыз байланыс орнатқан әрі «Талибан» қозғалысының қазіргі уақыттағы лидері Хайбатулла Ахундзаданың шәкірті болып табылады.

“The Qazaq Times”