Украина ресейлік «РЖД Логистика», «Промкомплекспласт», «Газгольдер» және тағы басқа кәсіпорындарға санкция салды. Бұл туралы УҚҚ (Украина Қауіпсіздік Қызметі) баспасөз-қызметіне сілтеме жасап «ajanshaber.com» хабарлады.
Ресейлік кәсіорындар қара тізімге өзін-өзі жария еткен Донецк және Луганск халықтық республикаларының транспорттық компанияларымен серіктестік жасағандары үшін іліккен. УҚҚ мәліметінше, 2018 жылы ресейлік кәсіпорындар осы елдегі транспорттық кәсіпорындармен бірлесіп «Сыртқы экономикалық келісімшарттарға» қол қойған. «Ресейлік кәсіпорындар осындай әрекеттері арқылы халықаралық ережелер мен қағидаларды бұзып отыр. Әрі, Донецк және Луганск облыстарындағы уақытша қадағалаусыз аймақтардағы террорлық ұйымдарға қаржылық көмек көрсетеді. Бұл — Украина экономикасына айтарлықтай залал әкеледі. Сондықтан, УҚҚ Сауда және экономикалық даму министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесіне осы кәсіпорындарға қарсы санкциялар енгізуге ұсыныс жасады», - делінген УҚҚ баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Украинаның осы қадамына қатысты Кремль де өз жауабын берді. РФ баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Украина тарапынан енгізілген санкцияларға қарсы жауап беруге әзір дайын емес екенін мәлімдеді. «Әзірге қандай да бір қарсы шара (Украинаға қарсы) дайындалмады», - деген ол.