АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Маршалл Биллингсли егер Ресей әлемдік сахнадағы өзінің «дұшпандық әрекетін» тоқтатпайтын болса, америкалық әкімшіліктің енді Владимир Путиннің жанындағы адамдарға да санкция салатынын мәлімдеді.
Бұл туралы ол АҚШ Конгресінің өкілдерінің Палатасында айтты деп хабарлайды, - DW. Ол Ресейдің әрекетін «өрескел» деп атап, оның жауапкершілігі Путинге жақын адамдарға тиесілі деген. Биллинслидің сөзінше, АҚШ әкімшілігінің осы мәселеге қатысты ештеңеден тайынбайтынын Путинге жақын олигархтар Олег Дерипаска мен Виктор Вексельберке салынған санкциялар дәлел бола алатынын айтқан. Олар, қазіргі күні өздеріне тиесілі активтерінің едеуір бөліінен айрылған. Еске салайық, АҚШ әкімшілігі бұған дейін Ресейге бірнеше мәрте санкция енгізген еді. Соның ішінде, ең соңғы рет ресейлік 33 компанияға, сонымен қатар күні кеше 12 компанияға санкция енгізгенін хабарлаған едік.