Украинаның Львов қаласында орысша ән айтуға, тыңдауға және орысша телебағдарлама көруге тыйым салынды. Украина қоғам белсенділері «Ресей тарапынан көрсетілетін қысым тоқтатылмайынша» жалғаса беретіні айтылған бұл тыйымдарды енді Украинаның өзге де аймақтарында жүзеге асыруды алға тартуда. Бұл туралы pravda.com.ua хабарлады.

Львов қаласынынң басшылығы «Орысша мәдени өнімдерінің» пайданалмауына қатысты шешімге қол қойған. Ресейдің Украина басқыншылығына нүкте қойылғанға дейін жалғасатыны айтылған шешімде Львовқа қарасты қалалар мен елдімекендерде, әсіресе халық көп жиналған орындарда орысша ән айтуға, тыңдауға, сонымен қатар, ресейлік телебағдарламаларды көруге қатаң тыйым салынған. Кейбір интернет сайттары «орыс мәдениет өнімдерінің» осы аймақта кеңінен таралғанын, орысша кітаптардың көп екенін, айтулы іс-шаралардың орысша өтетінін жазып, мұндай тыйымнан қандай да бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес деп жазады. Аталған заң бұзылған жағдайда қандай жаза қолданылатыны ашып айтылмағанмен, орысша көрсетілімдер мен әндерге орын берген қандай да бір кәсіпорындардың лицензиялары тартып алынатыны, қоғамдық орындарда орысша сөйлеген адамдарға қарсы соттық іс ашылатыны ескертілді. Айта кету керек, осыған дейін Украина орысша білім беруге тыйым алған еді.

"The Qazaq Times"