ОПЕК елдері мұнайдың әлемдік бағасын реттеу үшін мұнай өндіруді арттырмақ. 24heures.ch мәліметінше, қазіргі уақытта ОПЕК елдері мен мұнай экспорттаушы өзге де елдер арасында мұнай көлемін күніне 500 млн баррельге дейін өндіруге бағытталған алдын ала келісімшарттарға қол жеткізілген.
Осыған қатысты ОПЕК елдері арасныда жексенбі, 23 қыркүйекте Алжирде кезектен тыс кездесу өткізіледі деп күтілуде. Алайда, ОПЕК елдері арасында мұнай көлемі тұрғысынан үшінші ел саналатын Иран бұл шешімге қарсылық танытып отыр. Мәселен, Иранның ОПЕК-гі өкілі Хоссейн Ардебили: «Сауд Арабиясы мен ОПЕК-тің кейбір мүше-елдері мұнай өндіруді арттыруға байланысты Иранға қарсы шығуда. Алайда, Иран мұнай нарығын тұрақтандыруды көздеуші бірден-бір ел», - деді. Қазіргі таңда, әлемдік мұнай нарығындағы жағдайлар Иранды ОПЕК-тің Сауд-Арабиясы мен Ирактан кейінгі үшінші ел ретіндегі мәртебесінен толықтай айырудың мүмкін емес екенін көрсетеді. Алайда, мұнай нарығындағы тартысты шешім жексенбідегі ОПЕК жиналысынан кейін біржақты етіледі деп күтіледі.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі