Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің шешімі саяси дауға әкеп соқты. Еуропалық Одақ «мемлекетті әлсірететін» Brexit жоспарын мақұлдаған жоқ. Бұл туралы BBC хабарлады.
Осы аптада ЕО-ға мүше 27 мемлекет басшылары Аустрияның Зальцбург қаласында бас қосқан болатын. Кездесу барысында Біріккен Корольдіктің одақ құрамынан шығу туралы жоспары қызу талқыға түсті. Бірақ, одақ басшылары Мэйдің шілде айында Чекерстегі үкімет отырысында жариялаған шешіміне түбегейлі қарсылық білдірді. Еуропалық кеңестің жетекшісі Дональд Тусктің ойынша, «Brexit жоспары еуропалық нарықтың тұтастығына нұқсан келтіреді және миға қонымсыз жоспар».
Ал Тереза Мэй өз жоспарының жүзеге асатынаны сенімді. Кездесуден соңпремьер-министр: «Ұлыбритания үшін тиімді ұсыныс мақұлданбаса, біздің тарап ешқандай жоспар ұсынбайды. Бірақ, алдағы уақытта ортақ мәмілеге келеміз деген сенімдемін», – деді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні