Бүгін үшінші мәрте ұйымдастырылған Корей аралық саммитінің бірінші күні аяқталды. Саммитте Пхеньянда ядролық қаруға қатысты маңызды келіссөз жүзеге асады.
Оңтүстік Кореяның көшбасшысы Пхеньянға соңғы рет 11 жыл бұрын сапар шеккен. Президент Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея президентімен басқосуында екі елдің қарым-қатынасты жақсарту және түбектегі әскери шиеленісті тұрақтандыру тақырыптары қозғалды. Сондай-ақ, Корей түбегін ядролық қарудан азат өңірге айналдыруды талқылайды.
Сарапшылардың пікірінше, келіссөздерден соң Ким Чен Ын мен Дональд Трамп тағы да кездесу өткізуі мүмкін. Осыған дейін Ақ үй басшысы өз сұхбатында «Оңтүстік пен Солтүстік Корея басшылары 30 жыл бойы тер төккенде, мен ядорлық жарылыстарды дереу тоқтаттым. Резонанс туды. Енді алдағы әрекеттерді көре жатармыз», – деген. Алдағы күндері екі басшының кездесетін күні белгілі болады.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні