Сүрияда аз ғана уақыт ішінде орын алған бір миллион адамнан асатын ішкі көші-қон осы елде демографиялық құрылымын өзгеру саясатының әлі де жалғасу үстінде екенін көрсетеді. Бұл туралы Сауд-Арабиясының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Әбдүләзиз әл-Васил ұйымның адам құқықтары жөніндегі Кеңесінде айтты, - деп хабарлайды SPA.
Тұрақты өкіл Әлемдік қауымдастықты сүриялық режимнің басшысы Башар Асадқа қысым көрсетуге өтініш жасаған. Оның айтуынша, Сауд Арабиясы сүриялық қақтығысты бейбіт жолмен шешуе ынталы. БҰҰ-ның Сүриядағы адам құқықтарына қатысты жағдай туралы баяндамасында Сүриядағы ішкі көші-қон қақтығыс басталғалы бері болып көрмеген масштабқа жеткен. 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында бір миллионнан астам адам өз баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған.
Сүриядағы соғыс 2011 жылдың наурыз айында бейбіт қарсылық шеруі қарулы қақтығысқа айналып, әскерилер көтеріліске шығушыларға қарсы оқ атқаннан кейін тұтанған еді. БҰҰ мәліметі бойынша, осы қақтығыс басталғаннан бері 400 мың адам қаза тауып, 10 миллионнан астам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Ал, 4,8 адам өзге елдерге барып паналаған.