Түркия 16 сәуір күні Конституциялық референдум өткізуді жоспарлап отыр. Конституциялық түзетулер жобасы қабылданса, Түркия парламенттік жүйеден президенттік жүйеге ауысады. Бұл президент билігін нығайтады. "Шинхуа" агенттігі хабарлап отыр.
Түркия Анадолы ақпарат агенттігінің хабарында, осыдан бұрын Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ресми конституциялық жобасын мақұлдаған. Кейін, конституциялық референдум биылғы жылдың 16 сәуіріне бекітілді. Аталған жобаны Ердоған басшылық етіп отырған Әділет және даму партиясы өткен жылы желтоқсан айында Парламенттің қарауына ұсынған. Жобаға сәйкес Түркия парламенттік жүйеден президенттік жүйеге алмасуы керек. Референдум жүзеге асып жатса, президент билігі күшеймек. Айталық, екі вице-президентті қамтыған барлық мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату мен тағайындауға құқы бар. Оған қоса партия төрағалық орны да сақталады.
Парламент мүшелер саны 550 ден 600 адамға дейін болады. Кеңес мүшесіне құқықты жас мөлшері 25 тен 18 жасқа дейін берілмек. Яғни 18 жасқа толғын түркиялық азаматтың парламент мүшесі болуға құқы бар. Парламент пен президен сайлауы 5 жылда бір рет, ұқсас күнде өткізіледі. Қаңтар айында бұл жоба Түркия Парламентінде 339 дауыспен Әділет және даму партиясының жеңісіне шешілді. Алайда, парламенттің 3/2 бөлегінің дауысына ие болуы шарт болғасын халықтың референдумға жіберілді.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні