Көкпардан әлем чемпионаты 2019 жылы Өзбекстанда өтеді.
Қырғызстан көкпар федерациясының президенті Жырғалбек Саматовтың сөзінше, қыркүйек айының 8-і күні Өзбекстан спорт министрлігі мен көкпар федерациясы Ыстықкөлде Қырғызстан тарапымен келіссөздер өткізген. Келіссөздер барысында қос тарап 2019 жылы Өзбекстанда көкпардан әлем чемпионатын өткізуге уағдаласқан.
Әзірге әлем чемпионатының Өзбекстанның қай қаласында өтетіндігі белгісіз. Бірақ бір белгілісі Қырғызстан көкпар федерациясының мәліметінше, әлем чемпионаты қырғыз көкпаршыларының ережесі бойынша өтетін болады. Яғни салым Қазақстандағыдай сызылған жеңбердің ішіне емес, арнайы жасалған тайқазанға салынады.
Естеріңізге салайық, өткен аптада Қырғызстанда өткен ІІІ-Дүниежүзі көшпенділері ойынында Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрамасынан 4-5 есебімен ұтылып, бұның арты үлкен дауға ұласқан. Қырғызстан көкпаршылары Қазақстан тарапын «ойында әдейі жеңілді» деп айыптап, әлеуметтік желілерге түрлі видеолар жариялаған. Кейіннен Қазақстан көкпар федерациясы қырғызстандық әріптестерінің бұл мәлімдемесіне жауап берген.
ІІІ-Дүниежүзі көшпенділері ойынында көкпардан Қырғызстан бірінші орын, Өзбекстан екінші орын, Қазақстан үшінші орын алды. Финалда Қырғызстан құрамасы Өзбекстанды 32-9 есебімен ұтса, үшінші орын үшін өткен ойында Қазақстан Ресейді 17-1 есебімен тізе бүктірген.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі