Ұлыбритания БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей Барлау ұйымының бұрынғы полковнігі Сергей Скрипальдың улануы ісіне қатысты жаңа деректердің табылуына орай шұғыл отырыс өзкізуге ұсыныс жасады. Бұл туралы "lanouvellerepublique.fr" хабарлайды.
БҰҰ-ның баспасөз қызметінің Твиттердегі мәлімдемесінде: «Ұлыбритания делегациясыСолсбери ісіне қатысты жаңа ақпараттардың табылуына байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне жиын өткізуге тілек білдірді. Британиялық дипломаттар мұндай отырыс ертең өтеді деп есептейді» , - деп жазылған.
Кеше, 5-қыркүйек күні Ұлыбритания прокуратурасы Солсбериде уланған Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдың улануына күдікті ресейлік азаматтардың есімін атаған еді. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Скрипаль ісіне қатысты күдіктілер Ресей әскери барлауының офицерлері болып табылатынын мәлімдеген.
Бәрімізге белгілі, үстіміздегі жылдың наурыз айында Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль жүйке-сал заттегімен уланған еді. Лондон осы істің артында Ресей тұр деп есептейді. Ал, экс-тыңшы мен қызы қазіргі күні ауруханадан шығарылған.
Шілде айының соңында осыған ұқсас оқиға Солсбериден 15 шақырым қашықтықта орналасқан Эймсбери қаласында орын алды. Онда, 45 жастағы Чарли Роули мен 44-жастағы Дон Стерджесс уланып, шұіыл түрде ауруханаға жеткізілген еді. Кейін белгілі болғандай, әйел ауруханада көз жұмды.
Информация о рекламе в Твиттере и конфиденциальность


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі