Наурудағы Тынық мұхит аралдарының форумына қатысқан Қытай делегациясы 4-ші серіктестер диалогында форум төрағасы болып отырған Науру президенті Барон Вакамен пікір қайшылығына келіп қалып, жиын ортасында форумнан кетіп қалды.
France-Presse агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күнгі отырыс кезінде, қытайлық өкіл климаттың өзгеруіне байланысты мәселені талқылауға тырысқандықтан президент Барон Вака жиналыстан шығарып жіберуге мәжбүр болған.
Форум басталудан бұрын, Тайуанмен (Тайвань) дипломатиялық байланыстағы Науру қытайлық делегацияға виза бермеген. Осыған байланысты Қытаймен тығыз байланыстағы кейбір елдер Науруға қысым түсірген. Виза мәселесі форум басталғанға дейін шешім таппаған.
Науру президенті мәлімдемесінде түсінбеушілік болғанын атап өтті. Ол сөзінде Наурудың Қытаймен дипломатиялық байланысы жоқ екенін, тараптар ұзақ уақыттан бері балама келісімдер жасасып келгенін, Қытай делегациясы Науру тарабының айрықша кеңшілігімен форумға қатысып отырғанын айтып өткен. Себебі, екі ел арасында дипломатиялық байланыстың жоқ болса да, Науру тарабы Қытай делегация мүшелеріне виза бергенін алға тартты.
Дегенмен, сейсенбі күні түстен бұрын форум мүшелері мен 18 диалог серіктестер арасында қызу пікірталас жүргізілген. Қытай аталған форумның мүшесі емес, бірақ, 18 диалог серіктесінің бірі.
Кезекті форум Наурудағы «Науру мәдени орталығында» өтті. Ең қызығы, Наурудағы Тайуан елшілігі де сол ғимаратта орналасқан. Науру Тынық мұхиттағы шағын ел болғанымен Аустралияның (Австралия) зор қолдауына ие ел. Сондай-ақ, Тайуанның да маңызды серіктесі саналады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр