Аустрия канцлері Себастьян Курц «Ресей басқыншылығын» айыптады. Киевте сапарда жүрген ол Ресейдің Украина шығысындағы жағдайды сынға алып, «Норманд форматы» келіссөзіне келуге шақырды.
Өз сөзінде Себастьян Курц Ресейдің казактармен үйлену тойына қатысуы да, әлемдік футбол чемпионатын өткізуі де бұл жағдайды ретке келтірмейтінін айтқан. Оның сөзінше, «Ресей – нағыз агрессиялы мемлекет» . Еуропа кеңесінің басшысы ретінде ол Ресей басқыншылығына қатысты айқын реакция білдіру керектігін ескертті.
Украина президенті Петр Порошенко Аустрияның Украинаны қашан да қолдайтынын айтты. Осы уақытқа дейін Киев Ресей президенті Владимир Путиннің Аустрияға барып, сол елдің сыртқы істер министрі Карин Кнайсльдің үйлену тойына қатысқанына наразылық білдірген. Путиннің аталған тойға баруы Австрияның өзінде де үлкен дау туғызды.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні