Үндістанда су тасқынынан қаза болғандар саны 1400-ге жеткен. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жүз жылда бір рет болатын табиғи апат салдарынан 5 млн 411 мың адам және 14 уезд зардап шеккен.
Табиғи апат Үндістанның Керала штатында орын алған болатын. Маусым айынан басталған үздіксіз жаңбырдың соңы бұрын-соңды қайталанбаған су тасқыны мен лай көшкініне әкеп соққан. Керала штатына бөлек, Уттар-Прадеш және Батыс Бенгалия штаттары да тасқыннан қатты зардап шеккен. Осы уақытқа дейін қаза болғандар саны едәуір артып, 100 мыңнан астам гектар егістік жарамсыз болып қалды.
Үндістанда жыл сайын толастамайтын муссон жаңбыры жауып, су тасиды. Апаттың зардабын тартқан Үндістан тұрғындарына уақытша қоныс ретінде 1300 лагерь ашылған. Қазіргі уақытта әлі де іздестіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні