Батыс Балқан елдері құрамына кірмейінше, Еуроодақ толыққанды одақ болып саналмайды. Бұл туралы, сәрсенбі күні ЕО дипломатиясының басшысы Фередерика Могерини Венадағы ЕО-тың 28 елінің Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерінің бейресми кездесуінде мәлімдеген.
«ЕО жобасы Батыс Балқан елдері еуропалық отбасының мүшесі болмайынша, аяқталмайды. Бізге бұны география, экономика, тіпті қауіпсіздік салалары көрсетуде. Бізге салса, ЕО есігін ашық қалдырар едік», - деген ол ЕО Кеңесіндегі австриялық төрағалықтың Брюссельдің Батыс Балқан елдеріне қатысты саясатын қолдайтынын да айтқан. Кеше, сәрсенбі күні кешке Австрия астанасы Венада ЕО-ның 28 елінің Қорғаныс министрлерінің бейресми кездесуі басталды. Онда Еуропа одағының Жерорта теңізіндегі босқындарды құтқарумен айналысатын «София» миссиясының жан-жақты жоспарын қайта қарау туралы мәселе талқыланады деп күтілуде. Одан бөлек, 30-31 тамызда Австрия астанасында ЕО елдерінің СІМ басшыларының да кездесуі өтпек. Негізі, Батыс Балқан елдерінің Одақ құрамына кіруі көптен күтілген жайт. Енді, Ф.Могерини осы мәселе қайтадан күн тәртібіне шығарылса, ЕО жұмысы толыққанды болады деп күтетінін мәлімдеп отыр.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды