Оңтүстік Корея үкіметі ресми мәлімдеме жасап, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Солтүстік Кореяға жоспарланған сапарының кейінге қалдырылуы «бақытсыздық» болды деп бағалаған. Бұл туралы АҚШ-тағы Associated Press хабарлады.
Дегенмен, Оңтүстік Корея үкіметі одақтастардың басты мақсаты Корей түбегінің ядролық қарусыздануын қолға келтіру екенін, АҚШ сынды одақтастарымен бірге бұл бағыттағы талпынысты ешқашан тоқтатпайтынын жеткізді. Осыған дейінгі Корей түбегінің жағдайымен салыстырғанда, ядролық қарусыздандыру ісінде зор ілгерілеушіліктің барына қанағат етіп отыр.
Дегенмен, Трамп Солтүстік Кореямен келіссөз үстелінде қол жеткізген табыстарына қанағат ете алмай отыр. Ол Солтүстік Кореяның бірден ядролық қаруларынан бас тартып, Құрама Штаттың экономикалық дамуға деген көмегін қабылдауын үміт еткен. Алайда, Солтүстік Корея соңғы кездері ядролық нысандарын жою жұмыстарын тоқтатып тастады.
Трамп осымен қатар Корей түбегіндегі ядролық қарусыздану процесіне АҚШ-тың көшбасшылық етуін Қытай билігі қолдамай отыр дегенді де айтқан еді.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?