Жақында Иран мен Сүриядан келген екі келімсек 35 жастағы неміс азаматын пышақап өлтірген. Қанды оқиға күллі Германияны дүрліктіріп, Хемниц қаласының тұрғындары жаппай ереуілге шықты.
Босқындарды қорғап шыққан жұрт та бар. Ереуілге шыққандар қарама-қайшы екі топқа бөлінген. Соның салдарынан қала көшелерінде жаппай тәртіпсіздік орнады. Олар бір-біріне тас, шөлмек пен пиротехника лақтырған. Ауыр жарақат алғандар бар. Жергілікті полиция қақтығысқа тосқауыл болу үшін су шашатын зеңбіректі қолдануға мәжбүр болған.
Қазіргі уақытта қамауға алынғандарды тергеу жүргізіліп жатыр. Саксонияның ішкі істер министрі Роланд Вёллер «наразылық шеруін тоқтатып, радикалдар мен анархистерге тиісті шара қолданамыз» – деп мәлімдеді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні