25 тамызда АҚШ сенаторы Джон Маккейн қайтыс болды. 82 жасқа таяған Маккейн қатерлі ісік дертінен жапа шеккен. Оның отбасы сенаторды жерлеу рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трампты шақырмайтынын айтқан. Бұл туралы «The New York Times» тілшілері хабарлады.
Саяси мәселелерді талқылауда көзқарасы сай келмеген Трамп пен Маккейннің арасы сол күйі жақсармай кеткен. «Ер есімі – ел есінде» десек те, Трамп бұл ұғымды құптамайды. Трамп АҚШ-қа танымал тұлға және экс-сенатор Джон Маккейннің өмірден озғаны жайлы мәлімдемені жариялауға тыйым салды.
Мәлімдемеде Маккейннің еңбек жолы, елге сіңірген қызметі баяндалған. Маңызды құжат сенатор өмірден озғанға дейін алдын ала жазылған болып шықты. Бірақ, Маккейн есімін ұлықтауға Ақ үй иесі үзілді-кесілді қарсылық танытты.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні