ДАИШ террорлық ұйымының Ауғанстандағы жетекшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Ауған үкіметі. Кабулдағы Ұлттық қауіпсіздік басқармасының ақпаратына сәйкес, Ұйымның Ауғанстандағы тармағының жетекшісі Әбу Саад Әрхаби сенбі күні кешке Нангархар қаласындағы соққы салдарынан қаза тапқан.
Сонымен қатар, Ауғанстанық және шетелдік күштердің біріккен әуе және құрлықтық операциялары кезінде аталған террорлық топтың он мүшесі қаза тауып, ұйымға тиесілі оқ-дәрілер мен қару-жарақтардың да көп бөлігі жойылған. Әбу Саад Әрхаби Ислам мемлекетінің Ауғанстандағы төртінші жетекшісі. Бұрынғы жетекші Әбу Саид Нарнархардағы кезекті соққы кезінде өлтірілген екен. Айта кету керек, Ауғанстандағы Ислам мемлекетінің бөлімшесі 2015 жылдан бері тәлібтермен, ауғандық және америкалық күштермен белсенді күрес жүргізіп келеді. БҰҰ мәліметі бойынша, Ислам мемлекетінің Ауғанстандағы террористерінің саны 3,5-4,5 мың адамнан асады.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?