Қазақстан тауарларды экспорттау аймағын кеңейтіп, қазіргі уақытта 123 елге 800-ге жуық тауар түрлерін экспорттап жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
«Елімізде кейбір тауар түрлерін экспорттайтын жаңа өткізу нарықтары ашылды. Мысалы, 2018 жылы біз машина жасау өнімдерін және құрылыс материалдарын Өзбекстанға, химия өнімдерін Украинаға жеткізуді бастадық», — деді Ж. Қасымбек.
Министрдің сөзіне сенсек, біздің азық-түлік өнімдеріміз шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Экспорттың сомалық көлемі 112 млн АҚШ долларын құраған. Атап айтатында, Иранға, Бахрейнге ет өнімдерін жеткізу басталса, Ресейге ет өнімдері, мал және өсімдік майлары, Қытайға өсімдік майы, Өзбекстанға қант экспорты артқан.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы