Сауд-Арабиясының жетекшілігіндегі араб одағының әскери ұшағынан Йемендегі балалар автобусына тасталған жарылғыш затты Әр-Риадқа АҚШ жеткізген болып шықты. Бұл туралы «france24.com/fr» хабарлайды.
Мамандар шабуылдан кейін түсірілген суреттер бойынша сынық қалдықтарыy теңестірген. Сынықтың 227 келілік MK-82 бомба қалдықтары екені расталған. Оны АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің негізгі әскери мердігері «Lockheed Martin» өндіреді. Мамандардың айтуынша, Парсы шығанағындағы монархия негізінен, америкалық және британиялық қару өнімдеріне тапсырыс беруші болып табылады екен.
Еске сала кетейік, 9 тамыз күні Сауд-Арабия жетекшілігіндегі араб одағының әуе шабуылы кезінде Йеменде балалар мінген автобус жарылған еді. Көтерілісші хүситтердің мәлімдеуінше, шабуыл салдарынан 40 бала қаза тапқан болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы