"Көрікті мекен" танымдық сапары биыл Алматы облысынан басталды. Жобаға қатысушы топ 3 күн бойы мемлекеттік маңызы бар су нысандарының жұмысымен танысып, мамандармен сұхбаттасып, өзен-көлдерге саяхаттап, өңірдегі шаруа қожалықтарын аралап көреді.
Алдыңғыт жылы жоба Түркістан облысынан бастау алған еді. Биыл Алматыда жалғасын табуда. Бұдан ары Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарына жалғастыру жоспарланған.
Жобаның басты мақсаты – еліміздің экономикалық мүмкіндіктерінің артуымен ел қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар су ресурстарын реттеу, стратегиялық маңызды су нысандарының құрылысын жаңғырту мен жаңа нысандарды тұрғызу жұмыстарын жүргізу.
Аталған ауқымды істерде Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті мен оған қарасты мемлекеттік кәсіпорындар қомақты үлес қосып отыр.
Танымдық сапарға елімізге белгілі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, интернет-журналистиканың танымал өкілдері тартылып отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы