Түрік сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ мен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен Анкарада өткен кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасады. Чавушоғлұ Құрама Штаттардың экономикалық қысымдарынан кейін әлемде доллардан бас тартуға деген ынтаның пайда болғанын алға тартты. Бұл туралы сол елдің «Анадолы» ақпараттық агенттігі мәлімдеді.
Мәвлүт Чавушоғлұ мәлімдемесінде АҚШ пен ЕО санкцияларына көбірек тоқталды. Ол сөзінде: «АҚШ немесе өзге бір елдің біржақты санкцияларына қарсымыз. Тек, БҰҰ эмбарголарын ғана қабылдап атқарамыз», – деді.
Түрік министрі сонымен бірге АҚШ-тың Иранға бағыттаған санкциялары туралы тоқталып: «Иранға жасалған эмбарго шешімдерін қолдамайтынымызды айтқанбыз. Бұл шешімдер Еуропа Одағында, Азия-Тынық мұхит елдерінде мазалап отыр», – деді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы